Жезқазған қаласы ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығы бар ма және бұл жеңілдік түрі кімдерге қарастырылған?
Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 қаулысымен және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы «Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» № 36/319 бірлескен шешімімен қалалық қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру билеті қарастырылған.
- Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған жағдайда, қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы азаматтар ие:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және мәртебесі 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген соларға теңестiрiлген адамдарға;
2) бірінші және екінші санаттағы мүгедектерге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
5) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік,жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға;
6) бала жасынан мүгедек балаларды тәрбиелейтін аналарға.
Аталған көмекті алу үшін «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 39-А үй, 1-қабат, 108-бөлме, тел.76-76-60, 76-29-45. Жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00 ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30. хабарласу қажет.



