
Баянауыл ауданында білім беру ұйымына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы білім беру басқармасы Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізуге бұған дейін бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың белгіленген мерзімде орындалмауы негіз болды.
Тексеру барысында білім беру саласындағы заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтары Департаменттің нұсқамасында көрсетілген мерзімдерде толық көлемде жойылмағаны анықталды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша білім беру ұйымының атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы оларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленген нұсқама берілді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, әкімшілік айыппұл салынды.



