Жұмыспен қамту орталығы

    social-zhezkazgan·
    1. Жезқазған қаласында қайта даярлау курстары бар ма және кімдерге қарастырылған?

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746

    қаулысымен «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, онда бірінші бағытта осы мақсатты іске асыру көзделген.

    Бірінші бағыт: «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

    Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыларды тездетіп алуға бағытталған.

    «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.

    Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында NEET санатындағы жастардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылар мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің, қысқартылатын жұмыскерлердің басым құқығы бар.

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімді құрайды.

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес күндізгі нысанда және/немесе онлайн режимде жүзеге асырылады.

    Күндізгі нысан бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды онлайн режимде ұйымдастырған кезде топ жинақтау талап етілмейді.

    1. Жезқазған қаласында жұмыссыз азаматтар арасында өз кәсібін ашқысы келетіндерге қандай мүмкіндіктер мен жеңілдіктер қарастырылған?

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746

    қаулысымен «Еңбек»" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, онда екінші бағытта осы мақсатты іске асыру көзделген.

    Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

    1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне, оның ішінде онлайн режимде оқыту;

    2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді, оның ішінде зәкірлік кооперацияны және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы кеңейту;

    3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

    4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

    Бұл ретте онлайн режимде оқу техникалық мүмкіндіктер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғылары болған кезде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалалар мен моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша операторлар болып табылады.

    Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылады.

    Мыналар:

    1) ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

    2) мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

    3) зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

    4) сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

    5) табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

    6) ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

    7) қоныс аударушылар және оралмандар қатысуға басым құқыққа ие.

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

    Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

    Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

    Техникалық және кәсіптік орта білім, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

    Табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар гранттар алуда басым құқыққа ие.

    Бұл ретте тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

    Мемлекеттік гранттар қажетті инвентарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.

    Мемлекеттік гранттар қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға, коммециялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында «Еңбек» бағдарламасына қатысушының бизнес-жобаларын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде пайдаланылады.

    Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.

    Аталған көмекті алу үшін: «Жезқазған қаласы әкімдігінің халықты

    жұмыспен қамту орталығы» КММ-не, Жезқазған қаласы, Мира даңғылы, 26/1, тел:77-50-84, 77-50-93, жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат:9.00 ден 18.30- ға дейін хабарласу қажет.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.