
9 маусым күні аудан әкімі А.С. Шуиншалиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында 17 тұрғын өздерін толғандырған өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында аудан әкіміне жүгінді. Көтерілген сұрақтар негізінен тұрғын үй қорын жаңғырту, халықты жұмыспен қамту, жер қатынастары және еңбек саласына қатысты болды.
Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жауапты мекемелердің басшыларына тиісті көмек көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
А.С. Шуиншалиев өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту аудан әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, азаматтардың мәселелерін шешу жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындармен ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, аудан халқын өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, өз ұсыныстары мен мәселелері бойынша әкімдікке жүгінуге шақырды.
Еске сала кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүзеге асырады. Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11.



