ШҚО ТЖД-да «Терезе сыртындағы самал жел» атты кітап таныстырылды

    ШҚО ТЖД-да «Терезе сыртындағы самал жел» атты кітап таныстырылды

    ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларға арнап жазған «Терезе сыртындағы самал жел» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

    Салтанатты іс-шара Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өтті. Алғашқы даналарды ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов салтанатты жағдайда жас оқырманға табыстады.

    Танымдық әрі қызықты оқиға желісімен жазылған кітап балаларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Онда ашық терезе маңында ойнаудың қауіптілігі, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қандай әрекеттер жасау қажеттігі қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріледі. Кітап отбасымен оқуға арналған. Сонымен қатар балабақшаларда, мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады.

    – Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадыкова мен танымал актер Олжас Абай ШҚО ТЖД мамандарының авторлығымен жарық көрген «Терезе сыртындағы самал жел» балалар кітабының шығуына қолдау білдірді. Олар бейнеүндеулерінде балаларға әрдайым назар аударудың маңыздылығын және баланы қараусыз қалдыруға болмайтынын еске салды. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау мен ересектердің жауапкершілігі ең қымбат құндылық – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі, – деді ШҚО ТЖД өкілдері.

    «Терезе сыртындағы самал жел» – балалар қауіпсіздігі мәселелеріне арнап жоспарланған он кітаптың алғашқысы.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.