Экологиялық тазалық: елде 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

    mvd-pavlodar·
    Экологиялық тазалық: елде 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

    Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Государственный орган қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгудің алдын алуға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс жерлерге ағызу фактілерінің жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

    Биыл бес айда 248 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді (қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу). Тиісті шаралар қабылдау үшін экология департаменттері, жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға 58 материал жолданды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді. Оларды қарау нәтижесінде 153 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.

    Ішкі істер министрлігі азаматтарды экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, елдімекендердің тазалығын қолдауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.