
«Заңсыз-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторлары қабылдауға келген азаматтармен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында азаматтарға көші-қон саласындағы заң талаптарын бұзудың салдары түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттар берілді. Сонымен қатар, көші-қон рәсімдерін заң талаптарына сәйкес жүргізудің маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ескертіп, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырды. Азаматтарға жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу, банк карталарының мәліметтерін жария етпеу және күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу барысында есірткі қылмыстарының қоғамға тигізетін зияны мен олар үшін көзделген құқықтық жауапкершілік туралы да ақпарат берілді. Тұрғындарға заң талаптарын сақтау және қауіпсіздік шараларын ұстанудың маңыздылығы жеткізілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DZaspXgq8WH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



