Ақтауда тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылды

    mvd-mangystau·
    Ақтауда тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылды

    Нашақорлыққа қарсы айлық аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында азаматтарға есірткі құралдарының зияны, олардың заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық-профилактикалық брошюралар таратылды.

    Мұндай шаралардың мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар арасында есірткінің таралуының алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтының құндылықтарын дәріптеу.

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға және есірткі құқық бұзушылықтарына қатысты ақпаратты құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.

    https://www.instagram.com/reel/DZaYC6rISun/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.