Бүгін «Аққұдық» ауылдық округінің әкімі Ә.Н. Бақбергенов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Д. Битурина Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Михаил Васильевич Кругловты 90 жас мерейтойымен құттықтады.
Мерейлі күні мерейтой иесіне шынайы алғыс пен ізгі тілектер айтылып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығы, жақындарының қамқорлығы мен бақ-береке тіленді.
Михаил Васильевичті 90 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір және ұзақ ғұмыр тілейміз!



