Жаңаөзенде тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

    mvd-mangystau·
    Жаңаөзенде тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

    Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының профилактикалық кабинетінде тұрғындарға интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында азаматтарға алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы ақпарат беріліп, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу, SMS арқылы келетін растау кодтарын жария етпеу және жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау жөнінде кеңестер айтылды.

    Полицейлер тұрғындарды қырағылық танытуға шақырып, қаржылық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

    Тәртіп сақшылары азаматтарға төмендегі қауіпсіздік шараларын есте сақтауды ұсынды:

    🔹 Жеке деректеріңізді және банк картасының мәліметтерін ешкімге бермеңіз;
    🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
    🔹 Өзін банк қызметкері немесе құқық қорғау органы өкілі ретінде таныстырған бейтаныс адамдарға сенбеңіз;
    🔹 Кез келген қаржылық операция алдында ақпараттың дұрыстығын мұқият тексеріңіз.

    Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін сақтық шараларын сақтау және күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлау қажет.

    https://www.instagram.com/reel/DZaWYsptxfw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.