Ақтауда нашақорлыққа қарсы айлық аясында ауқымды рейдтік іс-шара өтті

    mvd-mangystau·
    Ақтауда нашақорлыққа қарсы айлық аясында ауқымды рейдтік іс-шара өтті

    2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткізіліп жатқан нашақорлыққа қарсы айлық аясында Ақтау қаласында ауқымды рейдтік-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты.

    Рейд барысында қала аумағында есірткі құралдарын жарнамалайтын және интернет-дүкендердің мекенжайлары көрсетілген заңсыз наркограффити жазбаларын анықтау және жою жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тұрғын үйлердің қабырғаларына, қоршауларға және басқа да қоғамдық орындарға салынған ондаған заңсыз жазбалар өшірілді.

    Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу, есірткі қылмыстарының алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

    Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтарды есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады. Нашақорлыққа қарсы күрес – барша қоғамның ортақ міндеті.

    https://www.instagram.com/reel/DZaI6Neo8Z9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.