Дін саласындағы өңірлік сарапшылар пулы кеңесі

    Дін саласындағы өңірлік сарапшылар пулы кеңесі

    2026 жылғы 10 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Б.С.Бөкеевтің төрағалығымен дін саласындағы өңірлік сарапшылар пулының отырысы өтті.

    Кеңеске Басқарманың және «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ қызметкерлері, өңірлік сарапшылар пулының мүшелері қатысты.

    Кездесу аясында «Прайм-зерттеу» ЖШС өкілі Е.С.Бедыч 2026 жылы өткізілген «Қостанай облысындағы халықтың діндарлық деңгейін және діни ахуалды зерттеу» әлеуметтанулық зерттеуінің нәтижелерін ұсынды.

    Отырысқа қатысушылар зерттеудің негізгі қорытындылары мен аймақтағы діни саладағы өзекті үрдістерді талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша өңірлік сарапшылар пулының мүшелері облыстағы қоғамдық көңіл-күй мен діни ахуалды тұрақты зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Алынған нәтижелер конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және деструктивті идеялардың таралуының профилактикасын арттыру бойынша одан әрі жұмыс үшін негіз болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.