Жүктілікке және босануға әлеуметтік төлем тағайындау

    aktobe-akt·

    Жүктілікке және босануға әлеуметтік төлем тағайындау

    eGov.kz порталы арқылы жүктілікке және босануға әлеуметтік төлем тағайындауға қалай өтініш беруге болады?
    Болашақ аналар eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу үшін өтініш бере алады.
    Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні. Қызмет нәтижесі сомасы көрсетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап eGov.kz порталының жеке кабинетіне және eGov mobile қосымшасының Хабарламалар бөліміне жіберіледі.
    Онлайн өтінімді сәтті беру үшін медициналық ұйым еңбекке жарамсыздық парағы жайлы ақпаратты Жүкті әйелдер тізімінің жүйесіне енгізгені маңызды, ал болашақ ана туралы электрондық мәліметтерді жұмыс берушінің кадр қызметі Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде толтыруы керек.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.