Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларын қамти отырып, жазғы демалыс қарсаңында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың және психоактивтік заттарды пайдаланудың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және есірткі құралдарын, психоактивтік заттарды пайдаланудың зиянды салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.Кездесулер барысында қатысушыларға есірткі құралдары мен психоактивтік заттарды қолданудың денсаулыққа, психикаға және әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.



