Ескелді ауылдық округінде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    zhetysu-karatal-eskeldi·
    Ескелді ауылдық округінде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    📢 Интернет-алаяқтыққа қарсы бірге күресейік!
    Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінде оқушылар мен ата-аналар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында қазіргі таңда кең таралған алаяқтық тәсілдері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыстық әрекеттер, жеке және банк деректерін қорғау жолдары түсіндірілді. Оқушыларға күмәнді сілтемелерге өтпеу, бөгде адамдарға жеке мәліметтерін бермеу және интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі айтылды.
    Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу және қаржылық алаяқтықтан сақтану жөнінде кеңестер берілді.
    🔹 Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз! 🔹 Банк картасының мәліметтері мен SMS кодтарын жарияламаңыз! 🔹 Күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сенбеңіз!
    Қауіпсіз интернет – әр азаматтың жауапкершілігі!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.