
2026 жылғы 11 маусымда Тоғызақ ауылдық округі әкімі аппаратында «Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді. Талдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын қамтыды.
Қызметтің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген талдау қорытындылары, сондай-ақ және рәсімдік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар ұсынылды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары фактілері тіркелмеген.Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.



