Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі кеңес

    sobes-kokshetau-akmo·
    Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі кеңес

    2026 жылғы 10 маусымда Көкшетау қаласында есепті кезеңдегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау, жастарды, оқу орындарының түлектерін және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту шаралары, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, 2026 жылға арналған Ұлттық жобалар мен Көкшетау қаласы бойынша Тұжырымдама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін белгіленген жұмыс орындары квотасының орындалуы мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

    Кеңес қорытындысы бойынша жауапты орындаушылардың есептері тыңдалып, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары айқындалды. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыруға және 2026 жылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.