Медицина қызметкері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлеріне арналған жаңа айдарымызды бастаймыз.

    departament-kkbtu-akmolinsk·
    Медицина қызметкері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлеріне арналған жаңа айдарымызды бастаймыз.

    Бұл еңбегі көп жағдайда көзге көріне бермейтін, бірақ күн сайынғы қажырлы жұмысының арқасында санитариялық қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алып, өңір тұрғындарының денсаулығын қорғап жүрген мамандар.

    Айдарымыздың алғашқы кейіпкері - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне өмірін арнаған, 40 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті маман Жидебаева Лиза Сайлаубекқызы.

    Лиза Сайлаубекқызы еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастаған. Қызметінің алғашқы күндерінен-ақ ол денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі - эпидемиология саласын таңдап, бүгінге дейін осы мамандыққа адал қызмет етіп келеді.

    Көпшілік үшін эпидемиологтың еңбегі көзге көріне бермейді. Алайда дәл осы мамандар инфекциялардың таралу қаупін алғаш анықтап, аурулардың пайда болу себептерін талдайды, алдын алу шараларын әзірлеп, олардың орындалуын бақылайды. Олардың басты мақсаты салдармен күресу емес, оның алдын алу.

    Бүгінде Лиза Сайлаубекқызы Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімін басқарады.

    Оның еңбек жолында ондаған жылдық адал қызмет, мыңдаған шешімін тапқан кәсіби міндеттер және мол тәжірибе жатыр.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.