
Әр жолаушыға қамқорлықпен
ШҚО полицейлері танымал саяхатшы мен оның төрт аяқты серігіне көмек көрсетті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері еліміз бойынша велосипедпен саяхаттап жүрген Бурлен Әділетқызымен кездесті.
Саяхатшы Қазақстанның мәдени мұрасын, табиғи әлеуетін және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жоба аясында өңірлерді аралап жүр.
Шығыс Қазақстан аумағы арқылы өткен сапар барысында тәртіп сақшылары оған қолдау көрсетіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ оның жолсерігіне айналған мысығын қауіпсіз жеткізу мәселесіне де көмектесті.
Ауа райының ыстық болуына байланысты жануардың жолды әрі қарай жалғастыруы денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін болған. Осыған орай полицейлер мысықты Семей қаласына дейін жеткізуді ұйымдастырды.
Бурлен Әділетқызы көрсетілген көмек үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың жауапкершілігі мен жанашырлығын ерекше атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі



