
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысының Кәсіподақтар үйі алаңында ұйымдастырылған Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шараға кәсіподақтар, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік институттардың өкілдері қатысты. Азаматтарға еңбек заңнамасы, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Қабылдау барысында өңір тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтар бойынша түсініктемелер, сондай-ақ өздерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша практикалық көмек алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және мемлекеттік органдар, кәсіподақтар мен азаматтар арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.



