
2026 жылдың 11 маусымында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысушылар Конституциядағы маңызды жаңашылдықтар бойынша жан-жақты ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды бірізді түсінуге ықпал етеді.



