
Медицина қызметкері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен денсаулық сақтау саласына 40 жыл жуық уақыт арнаған Қырықбаева Марал Сембайқызын шын жүректен құттықтап, алғыс білдіреміз.
Марал Сембайқызы 1961 жылы 17 сәуірде Егіндібұлақ селосында дүниеге келген. Ол өз кәсібін медицинаға арнап, 1980 жылы Қарағанды медицина училищесін “санитариялық фельдшер” мамандығы бойынша бітірді. Содан бері оның кәсіби жолы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қызметін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
1980 жылдан бастап 2021 жылға дейін санитариялық бөлімде санитариялық дәрігердің көмекшісі, Егіндібұлақ СЭС лаборант, Қарағанды қ. өңірлік СЭС коммуналдық бөлімде санитариялық дәрігердің көмекші, бас маман болып жұмыс істеді. Зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының СЭББ-да эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Қызмет еткен жылдары ол өзін терең кәсіби білімі, практикалық тәжірибесі мол және жоғары жауапкершілігі бар білікті маман ретінде көрсетті.
Марал Сембайқызы өз ісінің кәсіби маманы ретінде зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін де санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жұмысын жалғастырып, жас мамандармен жинақталған тәжірибесімен бөлісуде. Мамандыққа адалдықтың лайықты үлгісі болып келеді.
Кәсіби мереке қарсаңында Марал Сембайқызына көп жылғы адал еңбегі, таңдаған ісіне адалдығы және халықтың денсаулығын сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат, амандық, бақыт, әріптестерінің құрметін және ұзақ жылдарға белсенді өмір тілейміз.
#МеніңСүйіктіДәрігерім



