Алматы полициясы электр самокат пайдаланушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда

    mvd-almaty·
    Алматы полициясы электр самокат пайдаланушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда

    Алматы полициясы электр самокат пайдаланушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда

    Алматы қаласының Алмалы ауданында микромобильді көлік құралдарын пайдалану қағидаларын сақтау деңгейін бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілді.

    Ауданда жоғары оқу орындары мен колледждердің көп шоғырлануын, сондай-ақ студенттер арасында электр самокаттар мен жеке мобильділік құралдарының кеңінен қолданылуын ескере отырып, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелер мен жастар көп жүретін аумақтарға ерекше назар аударылды.

    Рейд барысында микромобильді көлік құралдарын пайдаланушылар тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, тротуар болғанына қарамастан жолдың жүру бөлігінде қозғалу, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеу, сондай-ақ қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау деректері тіркелді.

    Құқық бұзушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен қала жағдайында қауіпсіз қозғалу қағидалары кеңінен түсіндірілді. Жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

    «Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты. Жазғы маусымда жастар арасында электр самокаттар мен басқа да микромобильді көлік құралдарының танымалдығы артып отырғандықтан, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде», – деді Алмалы аудандық
    Полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.