«Геопарк Арал» жобасы аясында ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларының өңірге келіп өткізетін негізгі бағалау миссиясына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті

    «Геопарк Арал» жобасы аясында ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларының өңірге келіп өткізетін негізгі бағалау миссиясына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті

    Ағымдағы жылдың 11 маусым күні Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Серікбайұлы Рапиковпен бейнебайланыс арқылы мәжіліс өтті. Мәжіліске облыстық туризм басқармасының басшысы Дінмұхамед Жандарбекұлы, «UNESCO» жаһандық геопарктер жөніндегі Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы Саида Нигматова, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының директоры Серікәлі Мұқатаев және «Геопарк Арал» директоры Сәуле Темірбек қатысты.
    Жалпы өңірде «Геопарк Арал» геопаркін ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне енгізу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
    2025 жылдың қараша айында «Геопарк Арал» геопаркі бойынша Жаһандық геопарктер желісіне ену талаптарына сәйкес номинациялық досье ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне тапсырылды.
    Нәтижесінде, ағымдағы жылдың сәуір айында өңірге ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми алдын-ала бағалау үшін арнайы келіп, «Геопарк Арал» жобасымен танысты.
    Сапар қорытындысымен, сарапшы тарапынан «Геопарк Арал» жобасын ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер тізіліміне енгізуге қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.
    Үстіміздегі жылдың 6-10 шілде аралығында геопарк аумағында ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларының негізгі бағалау миссиясы жоспарлануда. Бағалау нәтижесінде «Геопарк Арал» геопаркінің Жаһандық геопарктер тізіліміне ену мүмкіндігіне қатысты қорытынды баға берілетін болады.
    Осыған байланысты өткен мәжілісте халықаралық сарапшының ұсыныстарын іске асыру барысы мен өңірге келуі жоспарланған сарапшыларды қабылдауға дайындық жұмыстары талқыланды

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.