eGov.kz электрондық үкімет порталында заңды тұлғаларға арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне (МТНБ) тапсырыс беру қызметі автоматтандырылды

    sko-gm-chistopolye·
    eGov.kz электрондық үкімет порталында заңды тұлғаларға арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне (МТНБ) тапсырыс беру қызметі автоматтандырылды
    eGov.kz электрондық үкімет порталында заңды тұлғаларға арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне (МТНБ) тапсырыс беру қызметі автоматтандырылды. Енді ұйымдар өз автокөліктері үшін қалаған нөмірді онлайн таңдай алады.
    Жаңартылған «Заңды тұлғалардың автокөліктері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру» қызметі eGov.kz порталында қолжетімді. Алдағы уақытта бұл сервис eGov Business мобильді қосымшасының басты бетінде де пайда болады. Бұған дейін аталған қызмет тек жеке тұлғаларға ұсынылатын. 2026 жылдан бастап мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізімі кеңейтіліп, «қалаулы» және «симметриялы» санаттар енгізілді.
    📌 Дайын нөмірді алдын ала таңдалған ХҚКО-дан алу қажет. Нөмір автокөлікке мемлекеттік тіркеу рәсімі жүргізілгеннен кейін ғана ұйымға бекітіледі. Сондықтан автокөлікті қайта тіркеу немесе сатып алу кезінде нөмірдің ХҚКО-да дайын екеніне алдын ала көз жеткізген жөн. Қызмет көрсету мерзімі: Астана және Алматы қалаларында – 5 жұмыс күні, облыстар мен Шымкент қаласында – 15 жұмыс күн
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.