
Екібастұз қаласында мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіподақтар мен қала кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында өндірістік жарақаттану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылау, сондай-ақ еңбек шарттарын жасасу және тіркеу кезінде еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Арқалықов Қ.Ғ. сөз сөйлеп, қала кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі, жазатайым оқиғалардың жиілігі мен ауырлығы көрсеткіштерінің динамикасы туралы ақпарат берді. Отырысқа қатысушылар өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын талқылады.



