«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде әзірленген ұсынымдар мен талдау нәтижелерін ашық жария талқылауға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.
Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді.
Өтетін орны: Қарабалық ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31-үй, 2-қабат, 215-кабинет.



