«Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру

    kostanai-karabalyk-audany-akimat·

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі нәтижелер мен әзірленген ұсынымдарды ашық жария талқылауға қатысуға жауапты мамандар, қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.

    Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді.

    Өтетін орны: Қарабалық ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31 үй, 1 қабат, 104 кабинет.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.