2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады

    sko-gm-chistopolye·
    2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады
    2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа платформада пайдаланушылар өтініш беріп, мектепті таңдап, қызмет көрсету үдерісін қадағалай алады.
    🖥 Азаматтарға қолайлы болу үшін сервис eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасының басты беттеріне де орналысқан. Қызметті алу үшін пайдаланушы oqu.edu.kz платформасына өтіп, бейненұсқаулыққа сәйкес eGov порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтуі қажет.
    Өтініштерді қабылдау аймақтар бойынша кезең-кезеңімен 27 мамырдан басталып, 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады:
    ◾️ 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;
    ◾️ 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;
    ◾️ 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы;
    ◾️ 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.