Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорттар мен кадастрлық паспорттардың телнұсқалары тек онлайн рәсімделеді

    sko-gm-chistopolye·
    Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорттар мен кадастрлық паспорттардың телнұсқалары тек онлайн рәсімделеді
    1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорттар мен кадастрлық паспорттардың телнұсқалары тек онлайн рәсімделеді.
    🖥 eGov.kz порталында жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру мемлекеттік қызметтері жаңартылды. Енді пайдаланушылар өтінім беру кезінде бірден төлем жасап, нәтижені электрондық форматта ала алады.
    Бұған дейін төлем жасау және нәтижені алу үшін ХҚКО-ға бару қажет болатын. Енді процесс толықтай онлайн форматқа көшірілді. Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты.
    📲 Сонымен қатар, «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» мемлекеттік қызметін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіру қажетті қадамдардың санын қысқартуға, ХҚКО-ларға түсетін жүктемені азайтуға және қызметтерді алу процесін азаматтар үшін ыңғайлырақ, жылдамырақ әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егер азаматта қызметті онлайн алу үшін қажетті жағдайлар болмаса, ол ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын пайдаланып, мемлекеттік қызметті дербес рәсімдей алады
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.