Еңбекшіқазақ ауданында мал ұрлығының алдын алу мақсатында рейд өткізілді

    prokuratura-almaty-obl·

    Мал ұрлығының алдын алу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімшелерімен, ветеринариялық қызметпен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.

    Рейд өткізу қажеттілігі соңғы уақытта мал ұрлығы фактілерінің жиілеуіне, сондай-ақ көршілес Ұйғыр ауданында жануарлардың аса қауіпті ауру ошақтарының анықталуына байланысты туындады.

    Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және ұстау орындары тексеріліп, мал иелеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, жануарларды уақтылы бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Рейд қорытындысы бойынша заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталып, 17 нұсқама берілді, 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

    Аудан прокуратурасы мал иелеріне ветеринариялық заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Мал ұрлығының алдын алу, жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуына жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.