«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

    departament-kkbtu-pavlodar·
    «Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

    Медицина қызметкері күні қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын сақтауға және Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға кәсіби өмірін арнаған тәжірибелі маман – Бекпаева Бақыт Телеубайқызына алғыс пен құрмет сөздерін арнаймыз.

    1990 жылы Бақыт Телеубайқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдады. Алған білімі мен таңдаған мамандығына деген адалдығы оның санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі көпжылдық еңбек жолының берік негізіне айналды.

    Бақыт Телеубайқызы отыз жылдан астам уақыт бойы Екібастұз қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі жүйесінде еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол эпидемиологиялық қадағалау жүйесін нығайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға елеулі үлес қосты.

    Қазіргі уақытта Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Еңбек жолында Бақыт Телеубайқызы өзін эпидемиология саласында терең білімі бар, мол тәжірибелі әрі жауапкершілігі жоғары білікті маман ретінде танытты. Оның кәсіби қызметі – мамандыққа адалдықтың және қоғам игілігі жолындағы қызметтің жарқын үлгісі.

    Адал еңбегі мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бақыт Телеубайқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Aqniet» ұйымының Құрмет грамотасымен наградталған.

    #МеніңСүйіктіДәрігерім

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.