
«Қарабалық ауданы Бозкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген коррупциялық тәуекелдерді ішкі талдау нәтижелерін ашық қоғамдық талқылау өткізу туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Коррупцияға қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, анықталған коррупциялық тәуекелдерді жою бойынша әзірленген ұсынымдар мен нәтижелерді ашық қоғамдық талқылауға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдықтың өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ ауыл тұрғындары шақырылады.
Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді.
Өткізу орны: Бозкөл ауылы әкімдігінің ғимараты, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бозкөл ауылы, Советская көшесі 31.



