
10 маусым күні Қарақұдық ауылында өткен «Ауыл Vibe» мәдени-танымдық кеші көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында жүргізушілер Айбат Ерболатұлы мен Даурен Рысбеков көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырып, өнер иелері мен арнайы қонақтар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Кештің басты қонағы болған «Батыс Этно» тобы ұлттық өнерді дәріптеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Нұрладдин Сағынов, Даулет Ізмағанбетұлы, Әлібек Ынтағали және Ақтілек Қошербаев өз өнерлерін паш етіп, кештің көркін қыздырды.
Іс-шара ауыл тұрғындары мен жастардың басын қосып, ұлттық мәдениет пен заманауи өнердің үйлесімін көрсетті. Көрермендер әсерлі әндер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы тамаша кештің куәсі болды.
Осындай мазмұнды кештің ұйымдастырылуына үлес қосқан азаматтарға, өнерпаздарға және белсенді қатысқан ауыл тұрғындарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
«Ауыл Vibe» — көтеріңкі көңіл-күй, әдемі естелік және бірлікке толы кеш болды!



