
«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»
Тамды ауылдық мәдениет үйінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
🟩 Мақсаты: Мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, олардың тарихи мәні мен тәрбиелік рөлін насихаттау және жастардың Отанға деген құрметі мен жауапкершілік сезімін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихы мен мағынасына тоқталды. Рәміздердің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің белгісі екені атап өтіліп, оларды құрметтеу әр азаматтың парызы екені айтылды.



