
«ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы» РММ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №264 бұйрығымен бекітілген консультациялар жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен декларациялаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін кеден заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Консультациялардың негізгі мақсаты тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ашықтығын, заңдылығын және негізділігін қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Сондай-ақ консультациялар кедендік құнды айқындаудың заңнамада көзделген әдістерін қолдану барысында жүргізілетіні түсіндірілді.
Қатысушыларға тауарлар шығарылғанға дейін және шығарылғаннан кейін консультациялар өткізу тәртібі, сондай-ақ консультацияларға қатысушылар арасында ақпарат алмасу тетіктері түсіндірілді.
Іс-шара барысында коммерциялық құпияны сақтау талаптары мен консультациялар барысында алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік кірістер органдарының ұсынылған ақпараттың сақталуына жауапты екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар декларациялаушыларды ақпараттық жүйелер немесе жазбаша түрде консультация өткізу мүмкіндігі туралы хабардар ету тәртібі қарастырылды. Консультациялар өткізу үшін қажетті біртектес және ұқсас тауарлардың құны туралы мәліметтерді ұсыну талаптары түсіндірілді.
Талқылау аясында қажетті мәліметтер болмаған жағдайда немесе оларды қолдану мүмкін болмаған кезде қабылданатын шешімдер тәртібі қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тауарлардың кедендік құнын объективті және негізді айқындауды қамтамасыз ету үшін консультациялар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.



