Абай облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған рейд жүргізілді

    Абай облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған рейд жүргізілді

    Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі бақылау күшейтілді.

    Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысында полиция және прокуратура қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар мен қоғамдық тамақтану орындары тексерілді.

    Рейд нәтижесінде Семей қаласында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 19 жасөспірім анықталды. Барлық жағдай бойынша ата-аналарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа жол берген мекеме өкілдерімен де түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Жыл басынан бері облыс аумағында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 2515 жасөспірім анықталды. Оның ішінде 260 бала бейімдеу орталығына орналастырылды.

    Абай облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Зухра Жамантаеваның айтуынша, аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.