2026 жылғы 09 маусымда «Семей медицина университеті» КЕАҚ конференц-залында Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Т. Токтабаеваның төрағалығымен Абай облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГК) және қызылша клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша гибридті форматта облыстық семинар өтті.

    dsek-abay·
    2026 жылғы 09 маусымда «Семей медицина университеті» КЕАҚ конференц-залында Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Т. Токтабаеваның төрағалығымен Абай облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГК) және қызылша клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша гибридті форматта облыстық семинар өтті.

    Семинарға Абай облысының бас инфекционисті Эфендиев И.М., санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мамандары, сондай-ақ облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық, стационарлық көмек және жедел медициналық жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері қатысты.
    Семинардың мақсаты медициналық қызметкерлер мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарын кәсіби даярлық деңгейін арттыру болды.
    Семинарда келесі баяндамашылар баяндама жасады:
    - «Семей медициналық университеті» КЕАҚ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Дәлелқанова Т.Д. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық көрінісі, алдын алу және емдеу әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып өтті;
    - Департамент бөлім басшысы Ш.Б. Садыкова Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық жағдайы, ҚР ДСМ 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріцнің 4 тарауы туралы ақпарат берді;
    - «Семей медициналық университеті» КЕАҚ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті А.А. Мансурова қызылша жұқпасының клиникалық көрінісі, алдын алу және емдеу әдістері туралы айтып өтті;
    - Департамент бөлім басшысы А.Б. Серікбаева 2026 жылдың алғашқы 5 айында Республикадағы және Абай облысының қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы туралы талдау жасады.

    Облыста қызылша жағдайларының таралуын болдырмау үшін профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру туралы баяндады;
    Облыстық семинар қорытындысы бойынша облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары мен медициналық ұйымдарына Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының әкелуінің алдын алу және қызылшаның таралуын болдырмау мақсатында алдын алу және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды тиімді жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.