Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысының 2026 жылғы 6 мамырдағы №7/01-16 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
    Осыған орай, ағымдағы жылдың 18 маусымнан бастап жария талқылау басталатынын хабарлаймыз.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу үшін, ұсыныстар мен пікірлер болған жағдайда, Басқармаға келу арқылы немесе әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы ұсыныстар келтіруге болады. (Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Ғ. Тоқаев №17 әкімшілік ғимарат, байланыс телефоны: 8 (7252) 53-04-96.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.