
Бозкөл ауылы әкімінің аппаратында осы жылдың 11 маусымында «Бозкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдау нәтижелеріне қатысты 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ашық талқылау өткізілді.
Негізгі қызмет бағыттары бойынша талдау қорытындылары, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және процедуралық тәуекелдерді азайту шаралары ұсынылды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі коррупциялық тәуекелдер анықталған жоқ, коррупциялық құқық бұзушылық фактілері болмады. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік органның жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.



