
Жетісу облысында нашақорлыққа қарсы айлық аясында және Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жетісу облысының Білім басқармасы бірлесіп колледж студенттері арасында есірткіге қарсы бағыттағы облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Зияткерлік сайысқа 12 команда қатысып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шешендік шеберліктерін және есірткінің алдын алу мәселелері бойынша белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – Үштөбе гуманитарлық колледжі;
🥈 ІІ орын – Талдықорған қаласының Индустриалдық колледжі;
🥉 ІІІ орын – Талдықорған қаласының Агротехникалық колледжі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табысталды:
• І орын – 150 000 теңге;
• ІІ орын – 100 000 теңге;
• ІІІ орын – 75 000 теңге.
Осындай іс-шаралар жастар арасында есірткі құралдарына деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.



