Астаналық Кәсіпкерлер палатасы мен Сарайшық ауданы прокуратурасының бірлескен отырысы өтті

    Астаналық Кәсіпкерлер палатасы мен Сарайшық ауданы прокуратурасының бірлескен отырысы өтті

    Бүгін Астаналық Кәсіпкерлер палатасы мен Сарайшық ауданы прокуратурасының бірлескен отырысы өтті. Басты тақырып - аудан аумағында инвестициялық және кәсіпкерлік жобаларды іске асыру мәселелері болды.

    Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана даму орталығы, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

    Отырыс барысында инвестициялық және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру кезінде туындайтын әкімшілік кедергілер мен өзекті мәселелер қаралды. Оларды шешудің тиімді тетіктерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге және Астана қаласының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.