Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жазасы ауыстырылды

    prokuratura-atyrau·
    Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жазасы ауыстырылды

    Шартты түрде соттау, бас бостандығын шектеу және мерзімінен бұрын шартты түрде босату - мемлекеттің қылмыстық саясатын ізгілендірудің маңызды құралдары болып табылады.

    Алайда, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған сотталғандар, уәкілетті органның ескертулеріне қарамастан, пробациялық бақылау талаптарын өрескел бұзған (түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалған, әкімшілік жауаптылыққа тартылған және т.б.).

    Прокуратураның апелляциялық өтінішхаттары негізінде 5 сотталған адам жазасының қалған бөлігін одан әрі өтеу үшін түзеу мекемелеріне жіберілді.

    Облыс прокуратурасы мемлекет тарапынан қоғамнан оқшаулаусыз түзелуге берілген мүмкіндік заңмен белгіленген міндеттерді бұлжытпай орындауды талап ететінін ескертеді.

    Сот актілерін орындау кезіндегі заңдылық мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.


    Атырау облысының прокуратурасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.