Астанада Орталық Азиядағы ең ірі салалық іс-шара – Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады

    Астанада Орталық Азиядағы ең ірі салалық іс-шара – Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады

    Астанада автомобиль компоненттері, сервистік жабдықтар және логистикалық шешімдер саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі салалық іс-шара – Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады.

    Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отырған іс-шара 10-12 маусым аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Биыл көрмеге Қазақстан, Германия, Франция, Польша, БАӘ, Корея Республикасы, Үндістан, Қытай, Малайзия, Таиланд, Түркия, Ресей және басқа да елдерден 23 мемлекеттің 400-ден астам компаниясы қатысуда.

    Көрме аясында үш күн бойы қатысушылар автомобиль саласының дамуындағы өзекті үрдістерді талқылап, іскерлік және B2B келіссөздер өткізеді, жаңа технологиялар мен өнімдерді таныстырады, сондай-ақ халықаралық серіктестер мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен өтетін білім беру және сарапшылық сессияларға қатысады.

    Көрме аясында Астана қаласының әкімдігі мен көрме-конгресс іс-шараларын ұйымдастыру бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі – Messe Frankfurt GmbH арасында ынтымақтастық туралы меморандумға жасалды.

    Құжатқа Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов пен Messe Frankfurt компаниясының қаржы және стратегия жөніндегі директоры Йорг Зайфарт қол қойды.

    Құжат халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға, елорданың туристік әлеуетін ілгерілетуге және Астананы ірі халықаралық салалық іс-шараларды өткізу алаңы ретінде одан әрі дамытуға бағытталған.

    Messe Frankfurt GmbH компаниясы әлемнің түрлі елдеріндегі ондаған еншілес құрылымдарында шамамен 2600 қызметкерді біріктіреді және жыл сайын Франкфурт-на-Майнеде, сондай-ақ басқа мемлекеттерде жүздеген халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдар ұйымдастырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.