Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша көмек көрсетілді.

    zhetysu-alakol-zhagatal·
    Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша көмек көрсетілді.

    Жағатал ауылдық округі әкімінің аппаратында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы ауыл тұрғынына мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу бойынша тиісті көмек көрсетілді. Қызмет алушыға электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы өтінім беру тәртібі, қажетті құжаттарды жүктеу және электрондық қызметтерді пайдалану жолдары түсіндірілді.

    Сонымен қатар, азаматқа өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында практикалық көмек көрсетіліп, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және онлайн қызметтердің қолжетімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қажетті мемлекеттік қызмет уақытылы алынып, көрсетілетін қызметті алушыға толық ақпараттық қолдау көрсетілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.