
2026 жылғы 10 маусымда Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған «Мәдени мұраға қамқорлық – ұлт болашағына қамқорлық» мәдени-ағартушылық форумына Бейімбет Майлин ауданы мәслихаты аппаратының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар «Жылдар қойнауындағы жады» тақырыптық көрмесімен танысып, ауданның маңызды оқиғалары мен даму кезеңдерін бейнелейтін мұрағат құжаттары мен тарихи фотосуреттерді тамашалады, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып, мұражай залдары бойынша экскурсия өткізілді, Бейімбет Майлин ауданының тарихымен, оның мәдени мұрасымен және мұражай қорының ең құнды экспонаттарымен танысты. Осындай іс-шаралар тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.



