
Медицина қызметкері күні қарсаңында санэпидқызметтің дамуына және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға елеулі үлес қосқан маман туралы таныстырамыз.
Комитеттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айгерім Набиқызы Садубаева санэпидқызмет саласында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Өзінің еңбек жолын ол 1989 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы санэпидстанциясында дәрігер-гигиенист қызметінен бастаған.
Көпжылдық қызметі барысында Айгерім Набиқызы маманнан басшыға дейінгі кәсіби жолдан өтіп, саланың дамуына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық үдерістерге қомақты үлес қосты.
Оның жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен атап өтілген. Олардың қатарында «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Құрметті стандарттаушы» төсбелгілері, Еуразиялық экономикалық одақтың «ЕАЭО-ны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Құрмет грамоталары бар.



