Алматыда балалардың тамақтану нормаларын жетілдіру мәселелері қаралды

    ksek·
    Алматыда балалардың тамақтану нормаларын жетілдіру мәселелері қаралды

    Алматы қаласында Қазақ тағамтану академиясының базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №320 қаулысына өзгерістер енгізу жобасында көзделген балалардың тамақтану нормаларын қайта қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

    Жұмыс тобының құрамына Оқу-ағарту министрлігінің, Санэпидбақылау комитетінің, Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығының, Қазақ тағамтану академиясының және білім беру ұйымдарының өкілдері кірді.

    Отырыс барысында жаңа Тамақтану стандартының талаптарын ескере отырып, балалардың әртүрлі санаттары үшін қолданыстағы тамақтану нормаларына кешенді түрде қайта қарау жүргізілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, интернаттық үлгідегі ұйымдардың, нәрестелер үйлерінің, балаларды сауықтыру ұйымдарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ тегін тамақпен қамтамасыз етілетін білім алушылар үшін белгіленген тамақтану нормалары қаралды.

    Сонымен қатар, маусымдық және жыл бойы жұмыс істейтін балаларды сауықтыру ұйымдарына арналған үлгілік перспективалық мәзірлер әзірленді.

    Жұмыс тобының қатысушылары жаңа Тамақтану стандартын практикалық тұрғыдан қолдану және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг саласындағы нормативтік құжаттарды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.