Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит кезекті азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдауға басқармаға қарасты мекемелердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Қабылдау барысында спортшылардың ата-аналары тұрғын үй мәселесіне, сондай-ақ спорт ұйымдары мен жаттықтырушылар құрамының қызметіне қатысты өтініштерін жеткізді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Василий Левит бірқатар мәселенің жеке бақылауға алынатынын атап өтті. Сонымен қатар жауапты мамандар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Басқарма басшысы азаматтардың барлық өтініштері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қаралып, шешімін табатынын жеткізді.



