
2026 жылғы 11 маусымда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Пленарлық отырысқа аудан әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңестің өкілдері, БАҚ қатысты.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 322 «Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағы бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Б. Хамзина баяндама жасады.
Депутаттар Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне барлық ұсынылған өзгерістерді қолдады. Шешім жобасы аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында алдын ала қаралып, талқыланды.



